Құрылым сондай-ақ уылдырық өсіруді қолға алғалы отыр. Мамандар уылдырықтан пайда болған құртшабақтардың келесі бір шағын тоғандарда өсуіне жол ашылатынын айтады.
Айдарлы тоған шаруашылығы жұмысын бастаған бойда 2010-2015 жылдарға арналған балық өсіру жоспарын бекітті. Үстіміздегі жылы көлдерге барлығы 1520 дана шабақ жіберіледі. Ал таза суда өскен шабақтарды аулау жұмысы келер жылдан бастап қарқын алады.