Қызылорда облысында бильярдтан ҰОС ардагерін еске алуға арналған турнир өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шиелі ардагерлері арасында бильярдтан Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Әбілқасым Палымбетовті еске алуға арналған сайыс өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Шиелі аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.

  Тастаяқ ойынына 20-дан астам ардагер қатысты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов елі қадір тұтқан Әбілқасым Палымбетовтің өмір жолын әңгіме арқауына айналдырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Сұлтан Сағындықов алса, ІІ орын Серікбай Берімбетке бұйырды. Ал ІІІ орынды Серік Жаңабаев олжалады.