Қызылорда облысында бір аптада 137 қылмыс жасалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 15-21 сәуір күндері аралығында 137 қылмыс тіркеліп, оның 71-і тәулік ішінде ашылды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қармақшы ауданының тұрғыны Ж.А. белгісіз біреудің «Технодом» сауда үйі қызметкерлерінің сеніміне кіріп, 1 дана ноутбукпен бірге бірнеше ұсақ-түйек заттарды алып кеткені жөнінде арызданған. Жалпы шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру арқылы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды.

Шиелі ауданының тұрғыны, кәсіпкер азаматша К.С. Шиелі-Алғабас тас жолы бойында түнгі мезгілде белгісіз біреулер кәріз құдығына орнатылған моторды ұрлап кеткеніне шағым жасаған. Келтірілген шығын құны 200 мың теңге. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аудан тұрғыны қолға түсті.

Сырдария ауданының тұрғыны Қ.Н. үйінің ауласында тұрған құны 30 мың теңге тұратын дәнекерлеу аппараты қолды болғанын айтқан. Ұры Тереңөзек кентінде айғақ затпен анықталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.