Бүгін баспасөзде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысы жарияланды. Осыған орай Қызылорда облысындағы бірқатар білім беру ұйымдары жаңа атауға ие болады.
Атап айтқанда, енді Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейі елімізге еңбек сіңірген инженер-гидротехник Ержігіт Бозғұловтың, №24 мектеп Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың, Жаңақорған ауданындағы №239 мектеп дирижер, Қазақстанның халық әртісі Төлепберген Әбдірашевтің, Шиелі ауданындағы №149 «Қызыл ту» орта мектебі білікті ұстаз Әлиакбар Монтаевтың есімімен аталады.
Сондай-ақ, Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылындағы мәдениет үйі - «Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының Қалтай Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйі», Қызылорда қаласындағы «Стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - «Ғ. Мұратбаев атындағы стадион» коммуналдық мемлкеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта аталды.
Әділжан Үмбет