Бөлінген қаржының 594,0 млн. теңгесі жалға берілетін 17,5 мың шаршы метрлік тұрғын үйді жобалау мен құрылыс салуға жұмсалады. Ал «100 мектеп және 100 аурухана» жобасы аясында салынатын ипотекалық тұрғын үйге 565,0 млн. теңге жаратылады. Ол 9,0 мың шаршы метрді алады.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында қаралған 2006-2007 жылдары қайтарылған қаржы есебінен салынатын ипотекалық тұрғын үйлер құрылысы 285,0 млн. теңге қарастырылған. Оның көлемі 4,4 мың шаршы метрге тең. Бұдан бөлек жеке тұрғын үй құрылысы 185,4 мың, коммерциялық тұрғын үйлер 3,0 мың шаршы метрге жетеді. Бұлардың барлығы 219,4 мың шаршы метрді құрайды.