ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биылғы сегіз айда 297 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғалары салдарынаннан 3 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталған оқиғалардың 25-і өрт объектілерінде, 180-і тұрғын үй секторында, 70-і автокөлікте, 13-і далалы алқапта, 9-ы басқа да жағдайларда тіркелген. Олардың басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болған. Сондықтан жылу беру маусымында пеш пен электр қондырғыларын талапқа сай пайдалану, балаларды қараусыз қалдырмау қажет», - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков.
Еске салсақ, 16 қыркүйекте Қызылордада жанармай құйылған цистерна өртенді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.