Қазақстанда өндірілген өнеркәсіп өнімінің 6,7 пайызы осы аймақтың үлесінде. Негізінен аграрлы облыс болып саналатын Сыр өңірі үшін мұның өзі нашар көрсеткіш болып саналмаса керек.
12:04, 22 Шілде 2010
Қызылорда облысында биылғы жылдың алғашқы жартысында 368 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында Сыр өңірінде 368 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген.