Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына жалпы сомасы 1,9 млрд.теңгелік 10 жоба ұсынылып отыр

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында биылғы жылғы сәуір айында қолға алынған Үкіметтің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу үшін 10 жоба ұсынылып отыр.

Олардың жалпы құны 1,9 млрд. теңге тұрады. Сыр бойының кәсіпкерлері бағдарламаның үш бағыты бойынша бақтарын сынап көруге бекем бел байлап отыр.