Қызылорда облысында бөлшек сауданың үлесі арта түсуде

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне қарағанда, аймақта жылдан жылға бөлшек сауданың үлес салмағы арта түсуде.

Айталық, 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауда көлемінің өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 17,9 пайызды құраған. Ал 2010 жылдың қарашасымен салыстырғанда көлем 8,0 пайызға жоғарылаған.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының көлемінің көтерілуіне байланысты, ол көрсеткіш 24,0 пайызға теңесті. Базарлар мен жеке кәсіпкерлердің сату көлемдері 14,6 пайызға ғана өсті, дегенмен оның айналым құрылымындағы үлесі 63,4 пайызға жеткен.