ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгін 3 ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес бүгін Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілуде.
Жергілікті тұрғындар Қазалының Шәкен, Қармақшының Алдашбай ахун, Жаңақорғанның Қыркеңсе ауылдық округтерінде әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.
Ауыл әкімі қызметіне 10 азамат үміткер ретінде тіркелген. Оның 2-і партия атынан, 8-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен науқанға қатысуда..
Айта кетсек, жыл басынан бері Қызылорда облысында 13 ауылдың әкімі сайланды. Енді жыл соңына дейін аймақта тағы 9 ауыл әкімінің сайлауы жоспарланған.
Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес облыста 2 аудан әкімін тікелей сайлауға мүмкіндік алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.