Қызылорда облысында былтыр халықты ауызсумен қамтамасыз ету бағытында 5 млрд. теңгеден артық ақша жұмсалды

ЫЛОРДА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы аймақ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатына 5 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Бұл қаржының есебінен қазір Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры 5-кезеңінің құрылысы, Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Бұдан басқа облыстық бюджет есе­бінен Арал-Сарыбұлақ және Жиделі топтық су құбырларына қосылған 20 елді мекендердің ішкі тарату ауыз су желі­лерін қайта жаңғыртудың жобалық-смета­лық құжат­тарын әзірлеуге 146,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба әзірленіп, ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне жолданды.

Облыс бойынша 17 сумен пай­далану мекемелерінің 7-еуі субсидия­лан­дырылып, 2010 жылы оның көлемі 180,7 млн. теңгені құрады. Соңғы 3 жылда ауыз сумен қамта­масыз етуге 19,8 млрд. теңге бөлініп, 1000 шақырымнан астам ауыз су же­лі­лері жөнделді. Нәтижесінде 218 мың тұрғындары бар 70 елді мекен са­палы ауыз сумен қамтамасыз етілді.