Қызылорда облысында бюджетке түсетін салық 39,6 млрд. теңгені құрады

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, аймақта 2010 жылы бюджетке түсетін жалпы салық­тардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 39,6 млрд. теңгені құраған.

Осы арқылы болжам 112,8 пайызға нақтыланды. Оның ішінде республикалық бюджетке 18,4 млрд. теңге түсіп, болжам 120,6 пайызға, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 21,2 млрд. теңгені құрап, болжам 106,8 пайызға орындалды.

2010 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 279 млн. 802 мың АҚШ долларынқұрап, 2009 жылмен салыстырғанда 52пайызға өсіп отыр.