Өңірдің білім беру ұйымдарында бухгалтерлік есептің барлық циклі автоматтандырылған. Ал денсаулық сақтау саласында анықтамаларды автоматтандыру бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.
«Биылғы жылдың ерекшелігі - аудандық және қалалық 1 мыңға жуық білім беру ұйымдарын қаржыландырудың облыстық деңгейге өтуі. Білім беру мекемелері толықтай копьютермен жабдықталып, барлық мектепте BilimLand және «Күнделік» сандық платформалары қолжетімді болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Қазына» бұлтты технологиясының жаңа жүйесі енгізілді. Бұл білім беру саласындағы бухгалтерлік есептің барлық циклін автоматтандыратын кешенді шешім» - деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова.
Бұл ретте денсаулық саласында да бірқатар өзгерістер бар. Мәселен рентген, КТ, МРТ, момографияның электронды суреттерін жіберу және «DICOM» мұрағаттауға арналған «PACS» жүйесі өңірдегі 13 медициналық ұйымдарында белсенді қолданылады. Медициналық анықтамаларды автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сонымен бірге қалаға қарасты білім беру ұйымдарында 1292, денсаулық сақтау ұйымдарында 703, көп пәтерлі тұрғын үйлерде 992 бейнебақылау құралдары орналастырылған. Олардың 692-і жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған.
Ал аймақ орталығында қоғамдық көліктерде электронды билет беру жүйесін орнатылып, бұл жоба да өзінің оң нәтижесін көрсетуде. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында «AlemPay» ЖШС-ның жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылуда. Жыл ішінде «Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС-нің қалалық маршруттағы 105 автобусында стационарлық валидаторлар мен электрондық билеттеу жүйесінің терминалдары орнатылды. Төлем электрондық түрде де, қолма-қол есеп айырысу арқылы да қабылданады. Қазіргі уақытта 14 қалалық маршруттағы жеке тасымалдаушылардың автобустарына жабдықтар орнатылуда.
Брифингте кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар да айтылды. Бүгінгі таңда облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 201-і (87%) кең жолақты интернетпен қамтылған.
Осы елді мекендер бойынша және 250 адамнан кем 21 елді мекен бойынша биік ғимараттардың, телефон және теледидар мұнараларының мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілуде, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендер арқылы қамту мүмкіндігі қаралуда.