Аталмыш департамент осындай мақсатты сапарды тағы ұйымдастырды. 18 қаңтарда жолға шыққан бұл бригада енді аймақтағы темір жол бекеттерін аралап, оларда тұратын тұрғындарға түрлі медициналық көмек көрсетеді.
Пойыз сапарын Арал ауданындағы Аралқұм стансысынан бастады. Оның құрамында терапевт, хирург, маммолог, гинеколог, педиатр, окулист дәрігерлері бар топ тұрғындарды қараумен бірге, оларды УЗИ және рентген аппараттарынан өткізеді. Пойыз сапарын 23 ақпанда Жаңақорған ауданының Бесарық стансысында аяқтайды.