Қызылорда облысында дауыл соғады - Қазгидромет
11:34, 04 Қыркүйек 2017
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 4 қыркүйек күні күндіз, 5-6 қыркүйекте тәулік бойы Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, найзағай ойнайды.
5-6 қыркүйекте кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы күтіледі.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.