ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында егістік басында комбайн өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 12 қазанда сағат 10:50 шамасында болған. Сол уақытта төтенше жағдайлар қызметіне Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы егістік басында комбайн өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына Сырдария ауданындағы №12 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен шықты. Екі аралық шамаман 18 шақырымды құрайды. Егістік басында 2008 жылы шыққан күріш жинайтын комбайн жанып жатқаны белгілі болды. Өрт 11.53-те оқшауландырлып, 11.55-те толығымен сөндірілді», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында биыл 297 өрт оқиғасы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.