ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы Құмкөл трассасы бойында жапсарлас салынған екі контейнер жанып, үш адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 26 қаңтарда «Қызылорда-Құмкөл» трассасының 25 шақырымында серіктестіктердің біріне қарасты бақылау өткізу бекетінде болған.
«Екі контейнермен бірге ондағы тұрмыстық заттар да толығымен жанды. Өрт ошағынан құтқарушылар 50 литрлік газ баллонын сыртқа шығарды. Оқиғада күйік алған үш адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кеткен еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.