ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 93,8 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 424 494 адам (93,8%) салдырды. Ал II компонентті 414 414 адам (91,5%) адам алған.
«Облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың басым көпшілігі екпе алмаған адамдар арасында анықталып отыр. Вакцина алған азаматтар арасында вирусқа шалдығу дерегі өте төмен. Ол небәрі 0,4 пайызды құрайды.
Өңірде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда облыс тұрғындарының 60 пайызын коронавирусқа қарсы екпемен қамту қажет екені жоспарланды. Осы бағытта 452 480 тұрғынды екпемен қамту ойластырылған». - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.