Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл - облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 426 463 адам (94,2%) салдырды. Ал II компонентті 418 453 адам (92,4%) адам алған.
«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі - облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш - Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ. Қызылордада 72 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды. https://lenta.inform.kz/kz/kyzylordada-72-mynnan-astam-adam-pfizer-vakcinasyn-saldyrdy_a3910195