ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында енесін ұрып-cоққан келін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Шиелі ауданында болды. Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматтан арыз түсті. Онда қолында тұратын 44 жастағы келіні өзін, ұрып-соққаны айтылған.
«Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды. Келіні з 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлім етті Шиелі аудандық полиция бөлімінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қоқыс контейнерінен шала туған баланың денесі табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.