Осы мәліметтерге сүйенсек, аймақтағы ең халық көп тұратын өңір - Шиелі ауданы болып шығады. Онда бүгінде 77 209 жан тұрады. Екінші орында 76 974 тұрғыны бар Жаңақорған ауданы тұр. Бұдан кейінгі орындарға Қазалы (75 447), Арал (75 078), Қармақшы (51 409), Жалағаш (42 359) және Сырдария (40 175) аудандары орналасқан.
Ал сәбилердің дүниеге келуі жөнінен Жаңақорған ауданы бірінші орында. Бұл ауданда өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 2074 нәресте дүниеге келген. Сол сияқты Арал ауданы - 1880, Шиелі ауданы - 1933, Қазалы ауданы 1747 жаңа туылған жас сәбилермен толыға түскен.