Өсім 2009 жылдың тамызымен салыстырғанда, атаулы ақшалай табыстар бойынша 25,5 пайызға, нақты ақшалай табыстар бойынша 17,9 пайызға тең.
10:39, 17 Қараша 2010
Қызылорда облысында халықтың жан басына орташа атаулы ақшалай табысы 40 825 теңгені құрап отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаменті таратқан мәлімет бойынша, аймақ халқының жан басына орташа атаулы ақшалай табысы қазіргі таңда 40 825 теңгені құрап отыр.