Ұзақ жылдар Сырдария ауданының дамуына өзіндік үлес қосқан Балшай Маханбетова қазіргі таңда ұл-қыздарынан тараған немере-шөберелерінің ортасында бейнетінің зейнетін көруде. 8 құрсақ көтерген батыр ана 4 шөпшек сүйіп отыр.
Б.Маханбетова ашаршылық кезеңнің ауыртпашылығын, тоқырау жылдарының тауқыметімен қатар, Ұлы Отан соғысындағы қиыншылықтарды бастан кешірген.
1962 жылдан бастап еңбек жолын бастаған. 1972 жылы Нағи Ілиясов аулында азық-түлік дүкенінде қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған. Адал еңбегінің арқасында ел алғысына бөленген.
Бейбіт күнде әрбір атқан таңды бақытқа балайтын жан жүз жасты еңсергеніне қарамастан, көрпе-төсек тігіп, айран ұйытады екен.
Әже өзінің қуанышын бөлісуге келген сала мамандарына ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.