Осы жобалардың ішіндегі шыны зауытының құрылысы үшін Қызылорда қаласында орналасқан индустриялық аймақтан 50 гектар жер телімі берілді. Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласында зауыт құрылысымен тікелей айналысатын компания «Орда Гласс» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда, жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-дан «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингіне берілуіне орай құжаттарды қайта рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
«Өңірлік индустрияландыру картасындағы 23 жобаның ішінде құны 78 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба соңғы үш жылда іске қосылып, 800-ден астам адам жұмыспен қамтылды», - деді М. Имандосов.
Сондай-ақ, басқарма басшысы жобалар негізінен шетел валютасымен бағаланғандықтан, оның құнына теңге бағамындағы өзгерістер әсер етпейтінін де жеткізді.