ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сенбі, 22 қазан күні сағат 14.30-да Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, «Бесарық-Қандоз» күрежолының 2-ші шақырымында «КамАЗ» жүк көлігі мен «Фольксваген» автокөлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан «Фольксвагеннің» 25 жастағы жүргізушісі сондай-ақ, оның жолаушылары - 4 жасар екі балдырған, 8 жасар бір бала мен 24 жастағы келіншек тіл қатпастан сол орында мерт болды. Түрлі жарақаттар алған үш жасар екі бүлдіршін мен 53, 57 жастағы екі әйел ауруханаға жеткізілді.