Қызылорда облысында қарақұйрық атып алған тағы бір браконьер ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында биылғы жылы Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануарлардың бірі - қарақұйрықты атып алушылықтың төртінші дерегі тіркелді.

Бұл жолғы браконьерді табиғатты қорғауға байланысты жүргізілген түнгі рейд кезінде Жалағаш ауданының полицейлері қолға түсірді. Тәртіп сақшыларына Жаңадария ауылының маңында кезіккен Қызыл ауылының 45 жастағы тұрғыны өзі айдап келе жатқан «УАЗ» көлігінің қорабынан бір қарақұйрық пен екі қоянды шығарып беруге мәжбүр болды.

Қазір сезіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.