Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті
20:04, 09 Қыркүйек 2023
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырамында болды.
«Шиелі ауданынан Ресейге бет алған «Volvo FH» шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі - тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ақшабұлақ кен орнында цистерна жарылып, бір адам көз жұмды.