Қызылорда облысында қазақ күресінен жастар арасында ел чемпионаты басталады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 14 қазанда Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнир басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда,  8  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.  

Сондай-ақ, 16 қазанда  қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир өтеді.  Оған Грузия, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан   40-қа жуық палуан бақ сынасады.

Жүлде қоры: I  орынға  жеңіл автокөлік, II, III орындарға ақшалай сыйақы беріледі.

Айта кетейік, аталмыш жарыстар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.