Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Сондай-ақ, 16 қазанда қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир өтеді. Оған Грузия, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 40-қа жуық палуан бақ сынасады.
Жүлде қоры: I орынға жеңіл автокөлік, II, III орындарға ақшалай сыйақы беріледі.
Айта кетейік, аталмыш жарыстар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.