Аймақтағы бұл құрылымдардың 1 754-ін заңды тұлғалы шағын, 210-ын заңды тұлғалы орта кәсіпкерлік субъектілері, 9 801-ін жеке кәсіпкерлер және 1 152-сін шаруа (фермерлік) қожалықтары құрайды. Осы құрылымдарда 53 232 адам жұмыс жасап, отбасыларын асырап жүр. Бірақ жоғарыдағы көрсеткіштердің барлығы бойынша да Сыр бойының кәсіпкерлік саласы еліміздегі 16 аймақтың ең соңында тұр.
11:51, 13 Қараша 2010
Қызылорда облысында қазіргі таңда 12 917 белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды
ҚЫЗЫЛОРДА. 13 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында қазіргі таңда 12 917 белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды. Бұл Статистикалық агенттік таратқан мәлімет бойынша белгілі болды.