ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 16 сәуірде тағы екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі күнге дейін облыста тағы төрт адам қатерлі дерттен толық жазылған болатын. Олардың емі толық аяқталды. Екі мәрте тест сынамасы алынды. Осылайша олардың саны алты адамға жетті.
«Сынама нәтижесі теріс нәтиже көрсетті. Науқастар коронавирустен толық жазылды деген қорытынды жасалды. Азаматтар ауруханадан үйлеріне шығарылды. Індетті жеңген 2 науқастың бірі Қызылорда қаласында тұрса, екіншісі Жаңақорған ауданының тұрғыны. Олар алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 134 адам аталған инфекциядан емделіп жатыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.