ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында қой бағып жүрген 44 жастағы азамат каналға суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар қызметіне 25 шілдеде сағат 17:28-де Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылында тұратын азаматтың суға кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
«1979 жылғы азамат қой бағып жүріп, «Жарма» суармалы каналына суға түсіп, батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен жансыз денесі табылып, судан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 22 адам суға кетсе, оның 6-ы бала.
Мамандар тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұрайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 20 жастағы малшы төрт күннен бері хабарсыз кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.