Спектакльдің мазмұны мен мағынасы қала қызының ауылдық жерге тұрмысқа шығып, күйбең тірлікке араласуы, сонау Алматы жерінен қызын іздеп құдағидың келуі, ауылдағы күнделікті тұрмыс-тіршілікті көріп, қызын алып кетуге келген құдағиды суреттейтін шығармада озбырлық, менсінбеушілік, араға от салушылық секілді бейнелер сомдалады.
Бұл бейнелерді драма үйірмесінің мүшелері, ауыл өнерпаздары Ш.Тілеуназаров, Б.Ізмағанбетов, Қ.Балымбетов, С.Халила, Г.Спандияр, А.Сахиева, А.Жұмағұл, А.Тілек, Қ.Күнімаев, Н.Қазиев орындап шықты. Спектакль жоғары деңгейде қойылып, халық көңілінен шықты, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.