ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құстың тартылған еті тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының Арал ауданындағы тұсында құстың тартылған еті тиелген DAF маркалы жүк көлігі аударылып қалды. Жолдан шығып кеткен жүргізушіден басқа ешкім болмаған.
«Оқиға барысында жарақат алғандар жоқ. Арал аудандық полиция бөлімі тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабымен хаттама толтырылды. Ескерту түрінде шара қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция депртаментінен.
Ведомство мәліметінше, автокөлік және онда тиелген жүкті тасымалдауға Ақтөбеден жүк көлігі шақыртылып, жүкті оқиға орнынан алып кетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік апатынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.