Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдарияға батып кеткен баланың денесін іздестіруде

None
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - 4 тамыз күні, сағат 16.00-де Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Сырдария өзеніне 8 жасар бала батып кетті.

Балдырғанның мәйітін ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД су-құтқару қызметі (4 адам мен 1 техника) іздестіруде. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.