деп хабарлады Ішкі істер министрлігі Жедел басқару орталығының баспасөз қызметінен.
Барлығы: 6 кісі өлтіру (ашылғаны-4), 4 қарақшылық (ашылғаны-3), 22 тонау (ашылғаны-12), 135 ұрлық (ашылғаны-102), 15 есірткі қылмысы тіркелді. 232 оқиға, оның ішінде: 35 жол-көлік оқиғасы, 50 өрт тіркелді, жол апаттарында 7 адам, өрт оқиғаларында 1 адам қаза болды.
Полиция қызметкерлері тамыздың 6-сында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Иіркөл ауылында 31 жасар жергілікті тұрғын әйелді ұстады. Ол әйел шілденің 14-інде ұрыс-керіс кезінде күйеуін (1964 жылы туған азамат) атып өлтіріп, денесін жасырын көміп тастаған. Әйелден тіркелмеген 16 калибрлі «ИЖ-16» аңшы қаруы тәркіленді.