Қызылорда облысында құжатсыз 27 тонна балық тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазалы аудандық прокуратурасы «РТС» мекемесінің ауласындағы мұздатқышта азаматша Курмангалиеваның жалпы салмағы 27 тоннадан асатын балықтарды қажетті құжаттарсыз қоймада заңсыз сақтағанын анықтады.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш факті бойынша аудандық прокуратура балық иесінде тиісті ветеринариялық құжаттардың болмауына байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 389-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдануын қамтамасыз етті.

Соттың қаулысымен құқық бұзушының балық өнімдері тәркіленіп, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Тәркіленген балық уәкілетті орган арқылы сауда-саттыққа салынып, 1,5 млн теңге бюджетке түсірілді.  

Аудандық прокуратураның ықпал ету актісін қарау нәтижесінде кәсіпкермен ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары  ұйғарымдарының барлық талаптар орындалды.