Қызылорда облысында қырым қанды безгегімен ауырған ер азамат ауруханадан жазылып шықты

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бұған дейін «Қырым қанды безгегі» алдын-ала диагнозы қойылған ер азамат ауруханадан жазылып шықты,

деп хабарлайды  Төтенше  жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Байсын  елді мекенінің 40 жастағы  тұрғыны шілденің 17-сінде  ауыр жағдайда   Шиелі аудандық инфекциялық  ауруханасына     түскен  болатын.