Қызылорда облысында мал басының өсіп келе жатқаны байқалады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында соңғы жылдары мал басының өсіп келе жатқаны байқалады.

Облыстық статистика департаментінің дерегіне қарағанда, 2010 жылдың желтоқсан айында ірі қараның саны -248,0 мыңға, қойдың басы - 506,3 мыңға, жылқы - 62,7 мыңға, түйе - 29,8 мыңға жеткен. Бұлардың бәрі осының алдындағы жылға қарағанда 0,1 пайыздан 2,5 пайызға дейін өскен.Сол сияқты мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі жөнінен де өсім бар. Жыл ішінде мал мен құстың барлық түрлерінің тірілей салмақтағы союға өткізілгені 31,7 мың тонна болған. Осы аралықта 73,7 мың тонна сүт сауылып, 13,6 мың дана жұмыртқа өндірілген.