Қызылорда облысында мал шаруашылығын мемлекеттің қаржылай қолдауы 67 пайызға жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үкіметтің Қызылорда облысындағы мал шаруашылығын өркендетуді қаржылай жағынан қолдауы бұрнағы жылмен салыстырғанда, биыл 67 пайыз болып отыр.

Осыдай қамқорлықтың арқасында аймақта төрт түлік саны жылдан жылға артып келеді. Ал үстіміздегі жылы ол сонау 90-жылдардың басындағы деңгейге дейін жетті.

Облыс бюджетінің қаржысы есебінен сүтті асыл тұқымды ірі қара, етке өсірілетін қойлар жеткізілуде. Осылайша, қазіргі таңда 23 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылымы жұмыс жасай бастады. Олардағы асыл тұқымды ірі қара саны 30 пайызға дейін өсті. Соңғы екі жылда ғана облысқа лизингімен 162 ірі қара, 4 000 бас қой, 500 жылқы және 80 түйе әкелінді.