Аймақтық кезеңінде қатысушылар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс сынды ойын түрлері бойынша бақ сынасты.
Спартакиадаға ауданның 31 мектеп командасынан 930 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте 67 ұпай жинаған №249 мектеп-лицей командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал 50 ұпай жинаған №24 мектеп командасы І орын, 39 ұпай жинаған №91 мектеп командасы ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынды №92 мен №266 мектеп командалары өзара бөлісті.
Жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің дипломы және арнайы кубоктармен марапатталды.