Қызылорда облысында модульді инфекциялық стационар жабылды
Өңірде коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Облыс бойынша инфекциялық стационарда - 10, жансақтау бөлімінде - 3 науқас емделуде.
Облыстағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты 3 наурыздан бастап 200 орынды модульді инфекциялық стационар жабылды.
«Ендігі кезекте бұл аурухана қайта бейімделіп, басқа профильді аурухана ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық егу пункті тек жұмыс күндері ғана қызмет көрсетеді. Ал сенбі және жексенбіде демалыс. Облыста вакцинация жұмыстары жалғаса береді. Осы індетке қарсы екпелердің күшімен коронавирус инфекциясы жай тұмауға ұқсас ауру ретінде қалуы мүмкін. Дегенмен облыс тұрғындары сақтық шараларын ұмытпағаны абзал», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.
Еске салсақ, Қызылордада екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94,5 пайызы вакцина салдырды.