Қызылорда облысында өрт салдарынан 9 оқиға тіркеліп, жол апатынан бір адам қайтыс болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысындағы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыс бойынша өрт салдарынан 9 оқиға тіркеліп, жол апатынан бір адам қайтыс болды.

Арал қаласы Абай көшесі мен І.Жансүгіров көшелерінің қиылысында УАЗ Хантер маркалы автокөлік жүргізушісі 1971 жылы туылған Қ.А. жолда жолаушы 1978 жылы туылған Б.А-ты қағып кеткен. Оқиға болған жерде жолаушы Б.А. алған жарақаттарынан қаза болған. Сондай-ақ облыс орталығына қарасты Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында түрлі себептерге байланысты шыққан 9 өрт оқиғасы тіркеліп отыр.