Қызылорда облысында өрттің салдарынан екі адам қайтыс болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анар Сәметованың мәлімдеуінше, аймақта бір аптаның ішінде өрттің салдарынан екі адамның өмірі қиылған.

Мәселен, Қызылорда қаласындағы Жұмабаев көшесі бойындағы қосалқы үйдегі өртті сөндіру кезінде одан 1954 жылы туған кісінің мәйіті табылған.

Сол сияқты қаладағы Жаппасбай батыр көшесі бойындағы «Орда Транс» ЖШС ауласынан тұтанған тілсіз жаудың салдарынан осындағы

«Xomqqy-25» маркалы автокраны жанып кеткен. Абайсыздықтан орын алған бұл өрт мекемені 5 000 000 тенге шығынға отырғызды. Осындай абайсыздық Шиелі кентінде «Мерседес Бенц» маркалы автокөліктің де жанып кетуіне себеп болған. Бір жақсысы, бұларда кісі өлімі орын алған жоқ.