Қызылорда облысында өткен жылы 15 839 жұмыс орны ашылды

ЫЛОРДА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, 2011 жылдың 1 қаңтарына аймақта 15 839 жаңа жұмыс орны ашылған.

Оның 1131-і ауыл шаруашылығы, 2054-і өнеркәсіп, 865-і сауда, 192-і көлік және байланыс, 1445-і білім және денсаулық салаларын қамтыса, 2325-і құрылыс және коммуналдық шаруашылық жұмыстарына тартылған. Сол сияқты 1690 адам бұлардан басқа салаларда жұмыс істесе, 6137 адам уақытша және маусымдық жұмыстарға жегілген.

2011 жылдың 1 қаңтарына ресми жұмыссыздар саны 1623 адам болып, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады.

Жұмыспен қамту органдарына хабарласқандар саны барлығы 25427 адам, жұмысқа орналастырылғаны - 22468. Оның ішінде "Жол картасы" бойынша - 5074 адам, әлеуметтік жұмыс орнына - 1948, жастар тәжірибесі бойынша - 3342 адам орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 7366 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 216 адам, кәсіби, қайта оқуға 1970 адам жіберілді.

Халықтың тұрмысы төмен топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. 2011 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджеттен осы санаттағы 3182 кедей отбасына 176,3 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 19606 отбасына 518,9 млн. теңге тұрғын үй көмегі төленді.