Қызылорда облысында өткен жылы 9071,6 млн. тонна-шақырым жүк тасымалданды
12:01, 18 Қаңтар 2011
ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша, аймақта былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жүк айналымының көлемі 9071,6 млн. тонна-шақырымды құраған.
Ол коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен шығарылды. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіштің 14,2 пайызға артқанын көрсетеді.
2011 жылдың 1 қаңтарына тіркелген заңды тұлғалар саны6 827 бірлікті құрады, оның ішінде 6 173 бірлік 50 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 4 874 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар - 4 248 бірлік. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 2 665 бірлікті құрады.