АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның бас дәрігері Н.Кәрібаевты ұстады.
Аталған ведомство ақпаратына сәйкес, күдіктінің жеке тұлғадан жүргізуші ретінде жұмысқа алу үшін 500 мың теңге көлемінде пара алғандығы анықталған.
Қазіргі уақытта Н.Кәрібаев Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.