ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында биылғы жыл басынан көпқабатты тұрғын үй терезелерінен 9 бүлдіршін құлап, әртүрлі жарақат алды. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрбол Исанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ата-аналардан балаларды ересек адамдардың қадағалауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Жыл басынан бері көпқабатты тұрғын үй терезелерінен 9 бүлдіршін құлап кетті. Олар әртүрлі жарақат алды. Біреуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуда. Осыған орай тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе алдына шығармау, басқа да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», - деді Н. Исанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ескексіз қайықпен көл ортасында қалып қойған 3 адам құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.