Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сая Темірбекованың айтуына қарағанда, осының негізінде 32 мекеменің 9 882 жұмысшысы жалақы бойынша қарыздарын алған. Сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзған 98 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,, 7 заңды тұлғаға қатысты құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданған.
11:38, 25 Қаңтар 2011
Қызылорда облысында прокуратураның араласуымен 543 млн. теңгенің еңбекақы қарызы өтелді
ҚЫЗЫЛОРДА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Өткен жылы прокуратураның жасаған ықпал ету шараларының нәтижесінде 543 млн. теңгенің еңбекақы жөніндегі берешегі тиісті иелерінің қолдарына тиген.