Қызылорда облысында прокурорлық тексеру нәтижесінде кәмелетке толмағандардың есебіне 2 млн. теңгеден астам ақша өндіріліп берілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сая Темірбекованың мәліметінше, өткен жылы прокуратура органдары

кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнама талаптарының сақталуы турасында біршама тексеру жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде бұл орайда 1 848 заң бұзушылық анықталған. Осыған орай заңдылықты бұзуды болдырмау туралы 113 ұсыныс енгізіліп, 8 наразылық, 17 заң түсіндіру, 2 талап-арыз келтірілген. Сонымен қатар 325 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардан 2 млн. теңге өндірілген. Бұл 2 114 кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік әперді.

Прокурорлық ықпал ету шараларын қолдануда патронаттық тәрбиеге берілген 18 жетім баланың тәрбиелеушілеріне 1 925 633 теңге өндірілді. Бұдан жастары кәмелетке толмаған Е.Қазыбеков пен Ж.Қазыбековтің атына тұрғын үйге құқықтары тіркеліп, жетім бала Е.Ахметовтің пайдасына 127 867 теңге өндіріліп берілген.